Accessibility links

БҰҰ ҚК құлаған ұшақ жайлы қарарды мақұлдады


Халықаралық сарапшылар Malaysia Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құлаған аймақта. Донецк облысы, Украина, 21 шілде 2014 жыл.

Халықаралық сарапшылар Malaysia Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құлаған аймақта. Донецк облысы, Украина, 21 шілде 2014 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесі (БҰҰ ҚК) Украинаның шығысында бортында 298 адамы бар жолаушылар ұшағына жасалған шабуылды айыптайтын, ұшақ құлаған жерге сарапшылардың «еш бөгетсіз баруын және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді» қарулы топтардан талап ететін қарарды бірауыздан мақұлдады.

Австралия әзірлеген құжатты өткен демалыс күндері қызу талқылаған БҰҰ ҚК мүшелері оны қолдап дауыс беруге көндіру үшін Ресейге қысым жасағаннан кейін қарар қабылданған. Онда ұшақ құлаған аймаққа халықаралық сарапшылардың баруына ешқандай бөгет жасамау және кінәлілерді жазалау туралы талаптар айтылған.

АҚШ және оның одақтастары жолаушылар ұшағына жасалған шабуылға Украинадағы ресейшіл сепаратистерді айыптайды. Қарарға дауыс берер алдында Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин «Құжатты қолдауымыз үшін бізге оның мәтінін айтарлықтай өзгертуге тура келді» деген.

XS
SM
MD
LG