Accessibility links

Ресей әншілерін "қара тізімге" алған Латвияға наразы


Ресейлік әнші Иосиф Кобзон.

Ресейлік әнші Иосиф Кобзон.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Латвия елшісі Астра Курмені шақырып, ресейлік үш әншінің ел аумағына кіруіне тыйым салған Риганың шешіміне байланысты түсінік беруін талап етті.

Ресей жағы Латвия үкіметінің шешіміне наразылық білдіретінін жеткізді. Бұған дейін Латвия ресейлік белгілі әншілер Иосиф Кобзон, Олег Газманов және Валерияның елге келуіне тыйым салған еді. Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич бұл адамдар Украинадағы дағдарысқа деген ұстанымдарына байланысты «қара тізімге» алынғанын айтқан. Министр ресейлік үш әншіні Ресейдің Қырымды аннексиялауын «құлшыныспен қолдаған өте белсенді насихатшылары» деп атаған.

Газманов, Кобзон мен Валерия Латвияның Юрмала қаласында басталатын дәстүрлі «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауына қатыспақшы еді.

XS
SM
MD
LG