Accessibility links

Сепаратистер екі «қара жәшікті» сарапшыларға берді


Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» премьер-министрі Александр Бородай (оң жақта). Донецк, 19 шілде 2014 жыл.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» премьер-министрі Александр Бородай (оң жақта). Донецк, 19 шілде 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер Украинаның шығысында құлаған жолаушылар ұшағының жазба жүргізетін екі құрылғысын (ауызекі тілде - қара жәшік) малайзиялық мамандарға берді.

Сепаратистер басшысы Александр Бородай «қара жәшіктерді» Донецк қаласында Малайзия өкілдеріне журналистердің көзінше тапсырған соң екі тарап бұл туралы хаттамаға қол қойды. Малайзия ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі полковник Мухаммед Сакри сепаратистерден қабылдап алған қос құрылғының «жақсы жағдайда» екендігін айтты.

17 шілде күні Украинаның Донецк облысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағын жерден әскери зымыранмен атып түсірген деген болжам да бар. Ұшақтағы 298 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG