Accessibility links

Франция Ресейге кеме сатудан айнып отыр


Франция Ресейге кеме сатудан айнып отыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00

Ресейге Mistral тікұшақ тасушы кеменің тағы біреуін сату туралы шешім Мәскеудің Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты ұстанымына байланысты қабылданатын болады деп мәлімдеді Франция президенті Франсуа Олланд 21 шілде күні. Ол алғашқы Mistral әскери кемесі сатуға дайын екенін және Франция одақтастарының тарапынан қатты қарсылыққа тап болғанына қарамастан, кемені жоспарға сәйкес қазан айында Ресейге жеткізетіндігін хабарлады. Франциядан Mistral кемелерін сатып алу туралы мәміле – СССР тарағалы бері Ресейдің шетелден қару сатып алу жөнінде жасаған алғашқы ең ірі келісімі болып отыр. Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Ресейге Mistral сату туралы келісімді қуаттап, оны қырғи-қабақ соғыстың аяқталғанының дәлелі деп атаған еді.

XS
SM
MD
LG