Accessibility links

АҚШ пен Польша Еуропада қорғанысты нығайтуды айтты


Польша президенті Бронислав Коморовский (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

Польша президенті Бронислав Коморовский (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама мен Польша президенті Бронислав Коморовский Украинаның шығысында малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған соң Еуропада қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту қажеттігін айтқан. Бұл туралы екі президент дүйсенбі күні телефонмен әңгімеде мәлімдеген.

Ақ үй таратқан мәлімдемеде, Польша мен АҚШ жетекшілері Boeing 777 жолаушылар ұшағының қайғылы апаты мен Украинадағы жағдайды ушықтыруға бағытталған Ресейдің іс-әрекеттеріне жауап ретінде трансатлантикалық ынтымақтастықтың маңызды екендігін атап өткені айтылған.

Бүгін Варшавада НАТО ұйымына мүше Орталық және Шығыс Еуропадағы тоғыз мемлекет басшыларының қатысуымен жиын басталмақ.

XS
SM
MD
LG