Accessibility links

Суға батқан паром иесі өлі күйінде табылған


Құтқарушылар Sewol паромы апатқа ұшыраған аймақта. Сәуір, 2014 жыл.
Құтқарушылар Sewol паромы апатқа ұшыраған аймақта. Сәуір, 2014 жыл.

Оңтүстік Кореяда теңізде апатқа ұшырап суға батқан Sewol паромына иелік ететін компания басшысының жансыз денесі табылғаны туралы полиция бүгін баспасөз жиынында хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, 12 маусым күні елдің оңтүстігінен табылған сүйекке жасалған ДНК және саусақ таңбасы сараптамасы оның апаттан соң іздеу жарияланған миллиардер Ю Бён Ынның денесі екенін анықтаған. Бизнесмен қазасының мән-жайы әзірше белгісіз қалып отыр. Бұған дейін билік компания иесін ұстауға көмектесетін ақпарат үшін жарты миллион доллар сыйақы тағайындаған еді.

Тергеушілер жолаушылар қазасына апарып соққан қайғылы апатқа паром иесінің қаупсіздік талаптарын елемей, паромға шамадан артық тиеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтады.

Sewol жолаушылар паромы 16 сәуір күні Оңтүстік Корея жағалауына жақын маңда теңізге батып кеткен. Апат салдарынан 292 адам қаза тауып, 10 адам хабарсыз кеткен. Паромда болған 470-тен аса адамның көпшілігі мектеп оқушылары еді.

XS
SM
MD
LG