Accessibility links

ЮНИСЕФ баламен неке құруға тыйым салуға шақырды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

ЮНИСЕФ ұйымының деректері бойынша, әлемде 700 миллионнан аса әйел бала жасында күйеуге берілген. Халықаралық ұйым егер бұған қарсы шұғыл шаралар қабылданбаса, 2050 жылға қарай әлемде кәмелеттік жасқа жетпей күйеуге берілген қыздар саны бір миллиардтан асып кетуі мүмкін деп ескертеді.

Бұл туралы баяндама ЮНИСЕФ пен британ үкіметі бірге өткізіп жатқан қыздар саммиті кезінде жарияланды. Құжат кәмелетке толмаған қыздарды күйеуге беруге және қыздарды сүндеттеуге қарсы күресуді мақсат тұтады. Кездесуде сөйлеген Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон мұндай көріністерге ғаламдық деңгейде тыйым салуға шақырды. ЮНИСЕФ кәмелетке толмаған қыз баламен неке құру және қыздарды сүндеттеу оларға орны толмас зиян келтіреді, сонымен бірге қыздардың дербес шешім қабылдауына және өз әлеуетін дамытуына мүмкіндік бермейді деп ескертеді.

ЮНИСЕФ ұйымының мәліметі бойынша, Оңтүстік Азияда кәмелеттік жасқа жетпей күйеуге берілген қыздар саны көп. Ал Африка мен Таяу Шығыстағы 29 елде қыздарды сүндетке отырғызу бұрынғысынша кеңінен қолданылып отыр.

XS
SM
MD
LG