Accessibility links

Қытайда оба шыққан кентте карантин жарияланды


Безден тиетін оба таяқшалары.

Безден тиетін оба таяқшалары.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Юмен кентінде безден тиетін оба дертінен бір тұрғын қайтыс болған соң билік орындары карантин жариялап, елді мекендегі 30 мыңға жуық тұрғынның кенттен шығуына тыйым салды. Полиция кент арқылы өтетін жолдарды жауып, өткінші көліктерді басқа бағытқа салып жатыр. Юменмен іргелес тағы бірнеше елдімекенде карантин жарияланған.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, 38 жастағы жергілікті тұрғын өлген суырды итіне берген. Сол күні қызуы көтеріліп, денесі қалтыраған әлгі адам ауруханаға жатқызылып, 16 шілде күні қайтыс болған.

Қазіргі уақытта дәрігерлер Юменнің 151 тұрғынын оқшаулап, бақылауға алған. Әзірше олардың ешқайсысында қауіпті дерттің белгісі байқалмағаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG