Accessibility links

Голландия ұшақ құрбандарын аза тұтып жатыр


Украина полицейлері Malaysia Airlines ұшағы құлағанда қаза тапқандардың сүйектері тиелген пойыз вагондары жанында тұр. Харьков, 22 шілде 2014 жыл.
Украина полицейлері Malaysia Airlines ұшағы құлағанда қаза тапқандардың сүйектері тиелген пойыз вагондары жанында тұр. Харьков, 22 шілде 2014 жыл.

Бүгін Голландияда шілденің 17-сі күні Украинаның шығысында жолаушылар ұшағы құлағанда қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған. Голландия премьер-министрі страны Марка Рютте бүгін елге апат құрбандарының денелері жеткізіледі деп хабарлады. Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағы құлағанда қаза тапқан 298 адамның 193-і Голландия азаматтары.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушылары ұшақ құлаған аймақтан табылған 200-ден аса адамның сүйектері Харьков қаласына жеткізілгенін мәлімдеген. Интерпол сарапшылары сүйектерді анықтауға кіріскен. ЕҚЫҰ апат болған жерде құрбандардың сүйектері әлі де бар екенін хабарлады.

Украина билігі мен Батыс елдері жолаушылар ұшағын ресейшіл сепаратистер атып түсіргенін дәлелдетін айғақтардың еселене түскенін айтады.

XS
SM
MD
LG