Accessibility links

Обама мен Рютте ұшақ апаты жайлы сөйлесті


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте. Амстердам, 24 наурыз 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте. Амстердам, 24 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте телефон арқылы сөйлесіп, ұшақ апаты мен Украинадағы жағдайды талқылады деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Рютте Вашингтондағы Нидерланд елшілігіне көңіл айтуға барғаны үшін Обамаға алғыс білдіріп, өз елінің азаматтары бұны жоғары бағалағанын жеткізген. Екі елдің басшылары апат орнынан құрбандардың денелері шығарылған соң ұшақ құлаған жерде толық және ашық халықаралық тергеу жұмыстарын жүргізу негізгі басымды міндет екендігіне келіскен.

АҚШ президенті Еуропа Одағы сыртқы істер жөніндегі кеңесінің Украинадағы ұшақ апатына апарып соққан іс-әрекеттерді айыптайтын және Украинадағы ахуалды ушықтыруға қатысы барларға қарсы қосымша санкциялар әзірлеу туралы қабылдаған шараларын құптайтындығын білдірген.

Обама мен Рютте Ресейдің Украинадағы сепаратистерді қолдау үшін шекара арқылы қару-жарақ пен бүлікшілер жіберуді және Украинамен шекарасында өз әскери күшін шоғырландыруды жалғастырып жатқандығына дәлел-айғақтардың көбейіп отырғаны алаңдаушылық туғызғанын атап өткен. Екі лидер де Еуропа Одағы мен АҚШ Украинадағы оқиғаларға байланысты бір ұстанымда болуы тиіс деген ортақ ұйғарым жасап, сонымен бірге, егер Ресей сепаратистерді қолдауды жалғастырып, Украинадағы жағдайды ушықтыруды тоқтатпаса тиісті сыбағасын алатындығын айтқан.

XS
SM
MD
LG