Accessibility links

Ливияның шығысында шайқас жүріп жатыр


Бенгази қаласындағы жарылыс болған жер. Ливия, 10 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бенгази қаласындағы жарылыс болған жер. Ливия, 10 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ливияның шығысындағы Бенгази қаласында үкімет әскері мен исламшылар арасында болған шайқастар барысында соңғы бір тәулікте кемінде 20 адам қаза тапқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сейсенбі күні әскери базаға жанкешті жасаған бір шабуылдан төрт адам мерт болған.

Бенгазидегі үкімет әскері мен қарулы исламшылар топтары арасындағы ұрыстар дүйсенбіде басталған еді. Өткен аптада ел астанасы Триполи қаласындағы халықаралық әуежай үшін шайқас болған. Қазіргі кезде әуежайдың кімдердің қолында екені жайлы айтылмайды.

XS
SM
MD
LG