Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Армения сотының шешімін сынады


ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович Армения сотының журналистерге ақпаратты кімнен алғанын ашуды міндеттейтін шешіміне қатысты алаңдаушылық танытты.

«Соттың бұл шешімі БАҚ-тың жұртшылық назарын қоғамдық маңызы бар мәселелерге аударуына ықыласын азайтып, олардың рөлінің кемуіне себеп болуы мүмкін» деп мәлімдеді ол.

26 маусым күні Ереван қаласындағы екі ауданның әкімшілік соты «Храпарак» газеті мен Ilur.am вебсайтын ақпаратты кімнен алғандарын ашуға міндеттейтін шешім шығарған. Бұл екі басылым жоғары лауазымды шенеуніктердің үстінен қозғалған қылмыстық істер туралы материалдар жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG