Accessibility links

«Қара жәшіктер» Ұлыбританияға жеткізілді


Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының «қара жәшіктері».
Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының «қара жәшіктері».

Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағының жазба жүргізетін екі құрылғысы («қара жәшіктер») Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бақылауымен Ұлыбританияға жеткізілді. Бұл туралы бүгін Украина үкіметі хабарлады.

Нидерланд, Малайзия, Украина және ИКАО өкілдері қол қойған құжатта украиналық мамандар «қара жәшіктерді» ашпастан Ұлыбританияға тапсырған туралы айтылған. Ұлыбританияның Фарнборо қаласындағы арнайы орталықта мамандар ұшақ құрылғыларында апат кезінде жазылып қалған деректерді анықтайтын болады.

Бұған дейін өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» өкілдері шілденің 22-іне қараған түні малайзиялық сарапшыларға құлаған жолаушылар ұшағының екі «қара жәшігін» берген еді. Малайзия ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі полковник Мухаммед Сакри сепаратистерден қабылдап алған қос құрылғының «жақсы жағдайда» екендігін айтқан. Украина үкіметі «қара жәшіктердегі» деректер Ұлыбританияда анықталатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG