Accessibility links

Украинаның шығысында екі әскери ұшақты атып түсірді


Украинаның шығысындағы сепаратистер 23 шілде күні украиналық екі Су-25 әскери ұшағын атып құлатты деп хабарлады осы елдің үкіметі. Ұшқыштар секіріп үлгерген.

Бұл мәліметті Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі өкілі Андрей Лысенко да растады.

Бұдан бұрын Украинадағы ресейшіл сепаратистер басшысы Игорь Стрелков интернетте Саур-Могила маңында Украина ұшағы атылғанын, тағы бір ұшақ бүлінген болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Әскери ұшақтар құлаған маң Донецк облысының 17 шілдеде малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған Шахтер ауданында.

XS
SM
MD
LG