Accessibility links

Сарапшылар «қара жәшіктерді» зерттеуге кірісті


Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының «қара жәшіктері».

Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының «қара жәшіктері».

Украинаның шығысында құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағындағы жазба құрылғылары («қара жәшіктер») жақсы жағдайда деп хабарлады Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) сәрсенбі күні.

«Ұшқыштар кабинасындағы диктофон жақсы жағдайда екені анықталды, ал ұшақ бортындағы сандық жазу құрылғысының жағдайы әлі тексеріліп жатыр» делінген Оттавада жарияланған ИКАО мәлімдемесінде

Ұшқыштардың айтқан сөздері мен ұшақтың маңызды тетіктерінің қалай жұмыс істеп тұрғаны жайлы электрондық деректер жазылатын екі құрылғыны өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» өкілдері шілденің 22-іне қараған түні малайзиялық сарапшыларға берген болатын.

Сәрсенбі күні Ұлыбританияға жеткізілген «қара жәшіктерге» Фарнборо қаласындағы арнайы орталықта мамандар ИКАО өкілдерінің қатысуымен алдын ала сараптама жүргізіп жатқаны айтылады. Бұған дейін апаттың мән-жайын анықтап жатқан тергеуге жетекшілік ететін Нидерландтың ұшу кезіндегі қауіпсіздік кеңесі ұшақ бортындағы диктофондағы жазбаларға бөтен ешкімнің тиіскені байқалмайды деп хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG