Accessibility links

Тәжікстанда жаңа әлеуметтік желі пайда болды


Тәжікстан аумағынан ашылмай тұрған odnoklassniki.ru сайтының скриншоты. 21 шілде 2014 жыл.

Тәжікстан аумағынан ашылмай тұрған odnoklassniki.ru сайтының скриншоты. 21 шілде 2014 жыл.

Тәжікстанда жаңадан іске қосылған әлеуметтік желі соңғы кездері ел аумағынан ішінара ашылмай қалған ресейлік odnoklassniki.ru сайтына балама ретінде ұсынылып отыр.

vipnet.tj деген домен атауымен тіркелген жаңа әлеуметтік желіні құрған Ганижон Саломзоданың журналистерге айтуынша, қолданушыларға экстремистік мазмұндағы материалдар мен балағат сөздер жариялауға тыйым салынады. Сонымен бірге жаңа сайтта «тәжіктердің салт-дәстүрін бұзатын» контенттерді, «ислам заңдарына қайшы» бейнежазбалар мен фотосуреттерді орналастыруға, «авторлық құқықты бұзатын материалдар» жариялауға болмайды. Бірақ «ислам заңдары» мен «тәжіктердің салт-дәстүрін бұзу» деген сөздердің нақты анықтамасы берілмеген.

Тәжікстан азаматтары әртүрлі тақырыптарға, соның ішінде тәжік билігіне қатысты материалдармен де бөлісу үшін пайдаланып келген odnoklassniki.ru әлеуметтік желісіне шілденің 18-інен бері Тәжікстан аумағынан кіру қиындап кеткені жайлы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG