Accessibility links

Украина президенті үкімет отставкасын құптамайды


Украина президенті Петр Порошенко мен премьер-министрі Арсений Яценюк. (Көрнекі сурет)
Украина президенті Петр Порошенко мен премьер-министрі Арсений Яценюк. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенконың пікірінше, Арсений Яценюк басқаратын министрлер кабинеті жұмысын жалғастыруы тиіс. Бұл туралы Украина басшысы өзінің ресми сайтында хабарлады.

Порошенко "Яценюк райынан қайтып, министрлер кабинеті жұмысын жалғастырады деп үміттенетінін" жазған. Бүгін, 25 шілде күні Украина парламенті министрлер кабинетіне сенім вотумын дауысқа салады.

Украина президентінің ойынша, "үкіметтегі коалицияның ыдырауы министрлер кабинетінің отставкасына себеп болмауы тиіс". Порошенконың айтуынша, "төтенше жағдайларға қарамастан үкімет дағдарысқа қарсы тиімді жұмыс істеп жатыр".

Бұдан бөлек, Порошенко 25 шілде күні мемлекет бюджеті және салық кодексін өзгерту туралы мәселелерге қайта оралуға шақырды. Ол «Бұл өзгерістер территориялық тұтастықты сақтау мен әскерді қаржыландыруға және террористерден босатылған аймақтардағы бейбіт халыққа көмек көрсету үшін қажет» деді.

Бұған дейін Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Facebook парақшасында "Украина үкіметінің басшысы міндетін атқаруға вице-премьер Владимир Гройсман тағайындалғанын" жазған еді. Ол "Яценюк министрлердің барлығын жұмыстарын жалғастыра беруге шақырғанын" да жазды.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк үкіметтегі "Еуропа таңдауы" коалициясы ыдырап, одан УДАР және "Свобода" фракциялары шығып кеткен соң және үкімет бастамалары кедергіге ұшырағаны себепті отставкаға кететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG