Accessibility links

Гройсман - Украина премьер-министрі қызметін атқарушы


Украина премьер-министрі қызметін уақытша атқарушы Владимир Гройсман

Украина премьер-министрі қызметін уақытша атқарушы Владимир Гройсман

Украина премьер-министрінің уақытша қызметін атқарушы болып Владимир Гройсман тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланды.

Гройсман бұрын вице-премьер, министр қызметтерін атқарған.

Гройсманды бұл қызметке тағайындаған бұйрыққа бейсенбі күні премьер -министр қызметінен отставкаға кеткен Арсений Яценюк қол қойған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк үкіметтегі "Еуропа таңдауы" коалициясы ыдырап, одан УДАР және "Свобода" фракциялары шығып кеткен соң және үкімет бастамалары кедергіге ұшырағаны себепті отставкаға кететінін мәлімдеген.

Ал УДАР және «Свобода» фракцияларының көшбасшылары Виталий Ковальчук пен Олег Тягнибоктің мәлімдеуінше, олардың шешімдері Украина президентіне парламентті таратып, уақытынан бұрын сайлау өткізуге мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік қылмыстарды жасырып, агент ретінде Мәскеуге көмектесіп, Кремльге жұмыс жасап отырған дәл қазіргі парламент жұмыс істемеуі тиіс» деді Тягнибок.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG