Accessibility links

Мәскеу: АҚШ Украина үшін Ресейді қаралайды


Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)
Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресей АҚШ президенті әкімшілігін "Украинаны пайдаланып, Ресейді қаралайды" деп айыптады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің 25 шілде күні таратқан мәлімдемесінде "АҚШ мемлекеттік департаменті "Мәскеу Украинаның шығысындағы сепаратистерге қару-жарақ жеткізіп отыр" деу арқылы халықаралық қоғамдық пікірді өзгерткісі келеді" дейді. Мәлімдемеде мұндай "деректің негізі жоқ" екені айтылады.

Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде "Украинадағы қантөгіске және конституцияға қарсы төңкеріске Вашингтонның да қатысы бар" деп жазылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз-хатшысы Мари Харф ханым 24 шілде өткізген брифингінде "Ресей шекара арқылы Украинаға қару жеткізіп отыр" деп мәлімдеді. Харф "Вашингтонның қолында Ресейдің Украинадағы сепаратистерге бұрынғыдан да мол қару жеткізбек ниеті бар екенін дәлделдейтін мәліметтер бар" деген еді.

XS
SM
MD
LG