Accessibility links

Шоқан Уәлихановқа арналған экспедиция Турфанға жетті


Қашғардағы орталық базарда. (Көрнекі сурет)
Қашғардағы орталық базарда. (Көрнекі сурет)

Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған қазақстандық экспедиция Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы Турфан қаласына жетті деп хабарлайды Қазақстан ақпарат құралдары.

24 шілде күні Қазақстаннан аттанған «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» ғылыми-танымдық экспедициясы Турфаннан соң Қорла қаласына барады. Жоспар бойынша Қашғарға шілденің 28-29-ы күндері жетпек.

Дәл сол жерден қазақстандық экспедиция осыдан бір жарым ғасыр бұрын Қашғарияға сапар шеккен Шоқан Уәлихановтың бағыт-бағдарымен Қытай мен Қырғызстан аумағы бойынша жүріп өтпек. 12 күндік экспедиция маршрутының жалпы ұзақтығы алты мың шақырым жерді құрайды.

XS
SM
MD
LG