Accessibility links

Нидерландқа апат құрбандарының 274-нің денесі жеткізілді


Украинадан қаза тапқандардың сүйектерін жеткізетін ұшақты әуежайда қарсы алып тұрғандар. Эйндховен, Нидерланд, 25 шілде 2014 жыл.
Украинадан қаза тапқандардың сүйектерін жеткізетін ұшақты әуежайда қарсы алып тұрғандар. Эйндховен, Нидерланд, 25 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысында құлаған малайзиялық ұшақта қаза тапқан тағы 37 адамның сүйектерін сенбі күні Харьковтен Нидерландтың Эйндховен қаласына екі ұшақпен жеткізді.

Reuters агенттігі ұшақ апатында қаза тапқан Нидерландтың 193 азаматының (DPA агенттігінің ақпараты бойынша – 194 адам) барлығының денесі Отандарына жеткізілгенін хабарлады. Сонымен бірге, малайзиялық 43 адамның (оның 15-і - экипаж мүшелері) және Австралия мен сол елде тұрақты тұратын өзге елдердің 37 азаматының денелері де Голландияға ұшақпен апарылды. Ұшақ құлаған жерде әлі 25 кісінің (DPA агенттігі ақпараты бойынша - 24 адам) сүйектері табылмай жатқаны айтылады.

Бұған дейін сенбі күні Австралия премьер-министрі Тони Эббот апат орнында жұмыс істеп жатқан австралиялық тергеушілердің қаза тапқандардың сүйектерін тауып алып жатқаны туралы мәлімдеген еді. Ұшақ құлаған жерді күзетке алу үшін Австралия, Малайзия және халықаралық тергеуге жетекшілік жасайтын Нидерланд өз полицейлерін Украинаға жіберетіндерін айтқан.

17 шілде күні Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумаққа құлаған Малайзия әуе компаниясының жолаушылар ұшағындағы 298 адам түгел қаза тапқан. Ұшақты жерден зымыранмен атқан деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG