Accessibility links

Іле Алатауы ұлттық паркі өртеніп жатыр


Іле Алатауы ұлттық паркінің жағдайын бақылып жүрген төтенше қызмет тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Іле Алатауы ұлттық паркінің жағдайын бақылып жүрген төтенше қызмет тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматы маңындағы Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында орман өртеніп жатыр. Мамандардың айтуынша, сенбі күні кешке Қарғалы өзенінің аңғарында басталған өрт 7 гектар аумақты шарпыған.

Әуеден жүргізілген бақылау барысында негізінен орманды алқапта қураған ағаштар мен арша жанып жатқаны, ал кейбір жерлерде Тянь-Шань шыршаларын да шарпып жатқаны анықталғаны хабарланды. Зардап шеккен адамдар жайлы ақпарат жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі Үлкен Алматы шатқалында арнайы штаб құрған. Өртті өшіруге жеке құрамдағы 60 адам мен 2 тікұшақ жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG