Accessibility links

«Астана» капитаны «Тур де Франс» жарысында алда тұр


«Тур де Франс» велотурниріне қатысушылар. 8 шілде 2014 жыл.

«Тур де Франс» велотурниріне қатысушылар. 8 шілде 2014 жыл.

Велоспорттан қазақстандық «Астана» командасының капитаны, италиялық спортшы Винченцо Нибали әйгілі «Тур де Франс» көпкүндік жарысының 20-кезеңінде төртінші орын алып, жалпы есепте алда келеді. Биылғы жарыстың төрт кезеңінде ол мәреге бірінші болып жеткен.

Жалпы есепте Нибалиден кейінгі орындарда француз велошабандоздары Жан-Кристоф Перо (AG2R) мен Тибо Пино (FDJ.FR) тұр. Нибали қазір Перодан 7 минут 52 секунд, ал Пинодан – 8 минут 24 секунд алда келе жатыр.

Биылғы «Тур де Франс» велотурнирі бүгін дәстүрлі «достық кезеңімен» Париждегі Елисей алаңында мәреге жетуі тиіс.

XS
SM
MD
LG