Accessibility links

Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутпен ұтты


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та өткен кезекті жекпе-жекте Австралия өкілі Дэниэл Гилді мерзімінен бұрын жеңді.

Астана уақытымен жексенбі күні таңертең сағат 8-дің шамасында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden алаңында басталған жекпе-жектің екінші раундында нокдаун алып қалған Гил үшінші раундта Головкиннің кезекті соққысынан соң айқасты жалғастырудан бас тартып, техникалық нокаутпен жеңілді.

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын 11-ші мәрте қорғап қалған 32 жастағы Геннадий Головкиннің бұл кәсіпқой рингтегі 30-шы жеңісі. Соның 27-інде Головкин қарсыласын нокаутпен ұтқан.

XS
SM
MD
LG