Accessibility links

Ресейде әскери ұшақ құлады


МИГ-29 ұшағы жаттығу кезінде. Астрахан облысы, Ресей, 12 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

МИГ-29 ұшағы жаттығу кезінде. Астрахан облысы, Ресей, 12 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейдің оңтүстігіндегі Астрахан облысында әскери МИГ-29 ұшағы жерге құлап, ұшқыш қаза тапқан.

Ресей әскери әуе күштерінің бас қолбасшысы Виктор Бондарев ұшақ апатының себептері тексеріліп жатқаны туралы мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Ресей баспасөз құралдары ресми дереккөздерге сілтеме жасап, әскери ұшақтың Астрахан облысындағы «Приволжский» әуежайынан оңтүстікке қарай 30 километрдей қашықтықтағы жерге құлағанын хабарлады. Ұшқыштан басқа зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG