Accessibility links

Израиль Газа секторында операцияны жалғастырды


Израиль әскері палестиналық шерушілермен қақтығыс кезінде. Рамалла, 25 шілде 2014 жыл.

Израиль әскері палестиналық шерушілермен қақтығыс кезінде. Рамалла, 25 шілде 2014 жыл.

Газа секторынан өз аумағына берілген зымыран соққысына жауап ретінде Израиль әскери операцияны қайта жалғастырды.

Бұған дейін Израиль сенбі күні ХАМАС тобымен арада жасалған 12 сағаттық уақытша бітім мерзімін жексенбінің кешіне дейін, яғни 24 сағатқа созатыны туралы хабарлаған еді. Израиль өкілі ол шешім БҰҰ-ның ұсынысы бойынша, гуманитарлық мәселелерді реттеу үшін қабылданғанын айтқан. Бірақ ХАМАС тобы 24 сағаттық режим «палестиналықтардың үйге оралуына және зардап шеккендерді эвакуациялауға мүмкіндік бермейтінін» мәлімдеп, одан бас тартқан.

Сенбі күнгі атысты тоқтату жайлы уақытша бітімге қарамастан, Израиль әскерилері Газа секторы мен Израиль территориясы арасында ХАМАС жаугерлері жасаған жасырын туннельдерді анықтап, оларды жоя беретіндерін мәлімдеген еді.

Газа секторында израильдіктермен арадағы 19 күнге жалғасқан қарулы қақтығыстар барысында мыңнан аса палестиналық қаза тапқан, олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар. Осы мерзім ішінде Израиль жағынан 43 әскери қызметкер мен 3 бейбіт тұрғын мерт болған.

XS
SM
MD
LG