Accessibility links

Мамандар ұшақ құлаған жерге барудан бас тартты


Malaysia Airlines компаниясының құлаған ұшағының бөлшектері. Донецк облысы, Украина, 22 шілде 2014 жыл.

Malaysia Airlines компаниясының құлаған ұшағының бөлшектері. Донецк облысы, Украина, 22 шілде 2014 жыл.

Халықаралық инспекторлар тобы украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатқандықтан Malaysia Airlines компаниясының ұшағы құлаған орынға бару жоспарынан бас тартты.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украинадағы миссиясы басшысының орынбасары Александр Хагтың Донецкіде өткен баспасөз жиынында мәлімдеуінше, аймақтағы ахуал қауіпті болғандықтан сарапшылар миссиясынан бас тартуға мәжбүр болған.

Бұған дейін Нидерланд пен Австралия мамандары, оның ішінде полицейлер ЕҚЫҰ мен сепаратистер арасында жасалған келісім бойынша ұшақ апатқа ұшыраған жерге барған.

Малайзия билігі де сепаратистер ұшақ апаты орнына халықаралық сарапшыларды жіберуге келіскенін хабарлаған.

17 шілде күні Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумаққа құлаған Малайзия әуе компаниясының жолаушылар ұшағындағы 298 адам түгел қаза тапқан. Ұшақты жерден зымыранмен атқан деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG