Accessibility links

WSJ: ЕО ресейлік банктерге де санкция салады


Донецк облысындағы ресейшіл сепаратист. 23 шілде 2014 жыл.
Донецк облысындағы ресейшіл сепаратист. 23 шілде 2014 жыл.

Wall Street Journal басылымы Еуропа Одағы тағы бес адам мен ресейлік "Сбербанк" және "ВТБ" банкіне санкция салуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады. Басылым бұл ақпаратты дипломатиялық ортадағы дереккөздерінен алған. Онда санкция ресейлік ірі банктердің операция жасау мүмкіндіктерін шектеуге бағытталғаны айтылған.

Басылым санкцияға ілінетін адамдардың аты-жөнін атамаған, бірақ олардың Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдап отырған ресейлік олигархтар екенін меңзеген.

WSJ басылымының дерегі бойынша, Еуроодақ енгізбек болып отырған жаңа санкциялар - Ресей президенті Владимир Путинге қысым жасау жоспарының бір бөлігі саналады.

АҚШ пен Еуропа Одағы "Путин Украинадағы ресейшіл сепаратистерді қолдап, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр" дейді.

XS
SM
MD
LG