Accessibility links

Көкшетауда қалың нөсерден үйлерді су басты


Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Көкшетауда 28 шілде күні нөсер жауын салдарынан жүз елуге жуық үй-жайды, мемлекеттік бірнеше мекеменің жертөлелерін су басты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. Ғимараттарын су басқан мекемелер арасында облыстық сот, тарихи өлкетану мұражайы, "Назарбаев интеллектуалдық мектебі" бар.

Қазір қалада төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үй-жайлар мен ғимараттарды судан арылтып жатыр. Ол жұмысқа барлығы жиырмадан астам техника жұмылдырылған.

"Қазгидромет" республикалық мекемесінің дерегі бойынша, дүйсенбіде қалаға айлық мөлшердегіден екі еседей көп жауын жауған.

XS
SM
MD
LG