Accessibility links

Саакашвилидің үстінен іс қозғалды


Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили.

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили.

Грузия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бас прокуратураның хабарлауынша, экс-президентке 2007 жылы қарашада Тбилисиде үкіметке қарсы шерулер кезінде "қызметін теріс мақсатта пайдаланған" және "Имеди" телеарнасын заңсыз тексертіп, басып алған" деген айыптар бойынша іс қозғалған.

Сонымен бірге 2007 жылы Грузияда жоғары лауазымды қызметтер атқарған Саакашвилидің бірнеше серігіне де осындай айыптармен іс қозғалған.

Михаил Саакашвили 28 шілде күні бас прокуратураға жауап алуға шақыртылған еді. Бірақ ол жауап беруге бармаған соң прокуратура оның үстінен іс қозғалғанын жариялады. Саакашвили Грузиядан 2013 жылдың соңында, президенттік өкілеттігі аяқталған соң кетіп қалған.

Өзінің үстінен іс қозалуына байланысты Саакашвили Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Грузияға қашан баратынымды өзім білем" деп жазды.

XS
SM
MD
LG