Accessibility links

ЕО Қырымға қатысты жаңа санкциялар салуға келісті


Севастопольдегі Ресейдің әскери-теңіз флоты күнін атап өту салтанаты. 27 шілде 2014 жыл.

Севастопольдегі Ресейдің әскери-теңіз флоты күнін атап өту салтанаты. 27 шілде 2014 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Қырым мен Севастопольде инвестиция мен сауданы шектейтін санкциялар пакетін салуға келісті. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешім дүйсенбіде Брюссельде ЕО елдері өкілдерінің тұрақты кеңесінің жиынында қабылданған.

Санкциялар Қырым түбегінде мұнай өндірісіне инвестиция салуға, транспорттық, телекоммуникациялық және энергетикалық салаларға қатысты салынбақ.

ЕО бұған қоса сегіз шенеунік пен үш компанияға виза беруге тыйым салып, есеп-шотын бұғаулаған. ЕО оларды "Украинаның территориялық тұтастығына қарсы әрекет еткен ресейлік шенеуніктерді қолдайды" деп санайды.

Жаңа санкциялар пакеті 31 шілде күні қабылданып, жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG