Accessibility links

Израиль Газа секторына соққы берді


Газа секторында өткен түні шабуылдардан кемінде жиырма палестиналық қаза тапқан. BBC-дің хабарлауынша, Израиль Газа секторындағы нысандарға, оның ішінде бұрын ХАМАС тобының жетекшісі Исмаил Хания тұрған үйге және медиа орталық орналасқан ғимаратқа соққы берген.

Израиль 28 шілде күні бес сарбазының қаза тапқанын хабарлады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың айтуынша, Израиль ұзақ мерзімдік әскери операция жүргізуге дайын және басты мақсат - жерасты тоннельдерін жойғанша операцияларды жалғастыра береді.

XS
SM
MD
LG