Accessibility links

Хамид Карзайдың туысы қастандықтан қаза тапты


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың туысы Хашмат Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың туысы Хашмат Карзай.

Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятында жанкештінің шабуылынан ел президенті Хамид Карзайдың немере ағасы Хашмат Карзай мерт болды.

Уәлаят губернаторының баспасөз қызметі өкілі Дава Хан Менапалдың "Азат Ауғанстан" радиосына хабарлауынша, уәлаяттың Данд ауданында Хашмат Карзайдың үйінде онымен кездесіп отырған жанкешті кеудесіне таққан бомбаны жарып жіберген. Жарылыстан тағы бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Губернатор өкілінің айтуынша, жанкешті Хашмат Карзайдың үйіне оны мұсылмандардың Ораза айтымен құттықтауға барған. Қастандыққа қатысты жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Хашмат Карзай Ауғанстан президенттігіне кандидат Ашраф Ганидің Қандағар уәлаятындағы сайлау кампаниясын басқарған еді. Гани мен оның қарсыласы Абдулла Абдулла 14 маусымда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің ресми нәтижесін күтпей "мен жеңдім" деп мәлімдеген.

Сайлаудың екінші турының алдын ала нәтижесі жарияланғаннан кейін Абдулланың "сайлау алаяқтықпен өтті" деп мәлімдеуі онсыз да қақтығыстар тыншымай тұрған ауған қоғамын дүрліктіріп қойған еді.

XS
SM
MD
LG