Accessibility links

Астанада наразы тұрғындардың үйлерін сүру кейінге қалды


Жері "мемлекетке қажет" деп танылған Алтын Червалиеваның үйі. Астана, 29 шілде 2014 жыл.

Жері "мемлекетке қажет" деп танылған Алтын Червалиеваның үйі. Астана, 29 шілде 2014 жыл.

Астанада бірнеше күн бойы наразылық білдірген тұрғындардың бұрынғы саяжайда орналасқан үйлерін сүру кейінге қалдырылды. Тұрған жері "мемлекетке қажет" деген себеппен билік алмақшы болып отырған тұрғын Алтын Червалиеваның үйін сүру сейсенбіге жоспарланған еді. Азаттық тілшісіне Червалиева бүгін таңертең жеке сот орындаушысы оған үйінен 8 тамыз күні шығарылатыны туралы ескерту қағазын тапсырып кеткенін айтты.

Үйлерін сүріп, жерлерін алуға қарсы бес әйел президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулинмен кездестіруді талап етіп, 23 тамыздан бастап үкімет үйінің алдында күні-түні отырған еді. 28 шілде күні оларды Нығматулиннің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов қабылдап, мәселелерін қарастырып көруге уәде берген.

"Бірақ 8 тамызға дейінгі он күнде олар ешнәрсені шешпейді, тек сүруді кейінге қалдырып отыр. Біз Нұрлан Нығматулинмен кездестіруді талап ете береміз" деді Алтын Червалиева.

Наразы әйелдер Нұрлан Нығматулин шағымдарын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізеді деп үміттенеді.

Бүгін әйелдер үкімет үйінің алдына наразылыққа шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG