Accessibility links

Хусейннің "туысы" Тәжікстаннан саяси баспана сұрады


Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жүрген шолғыншы. (Көрнекі сурет)
Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жүрген шолғыншы. (Көрнекі сурет)

Тәжікстан өзін Ирактың биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Саддам Хусейннің туысымен деген адамның осы елден саяси баспана сұрағанын хабарлады.

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Фархор ауданы полициясы басшысының орынбасары Махмад Изатуллоевтың бүгін Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, өзін Абдулла ибн-Ахмад әл-Арабиямын деп таныстырған адам 13 шілде күні Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанда ұсталған.

Изатуллоевтың айтуына қарағанда, бес тілде еркін сөйлейтін адам тәжікстандық шенеуніктерге өзінің Саддам Хусейннің құпия қызметінде қызмет атқарып, 2003 жылы Хусейн биліктен құлатылған соң бес жылға сотталғанын жеткізген.

Хусейннің "туысы" түрмеде жазасын өтеп шыққан соң Ауғанстанға кетіп қалғанын, енді Тәжікстанда саяси босқын мәртебесін алғысы келетінін білдірген. Махмад Изатуллоев қазір тәжік билігі ұсталған адамның айтқандарын тексеріп жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG