Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті


Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы Украинаның шығысындағы қақтығыстарға араласуын тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында Ресейге экономикалық санкцияларды күшейтті. Еуроодақ елдері 29 шілде күні Брюссельде өткен жиында Ресей банктерінің Еуропадағы қаржы нарықтарындағы қызметін шектеуді, энергетикалық салалардағы ынтымақтастықты азайту шараларын және қару-жарақ саудасына тыйым салуды мақұлдады.

Сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путиннің төрт іскер серігі мен төрт компанияға қатысты қосымша санкциялар салынғаны хабарланған еді. Жаңа санкциялардың тізімі бүгін, 30 шілде күні жарияланбақ.

Еуропа Одағы елдері бұл санкцияларды салу туралы Донецк облысында 17 шілде күні малайзиялық жолаушылар ұшағы құлағаннан кейін келіскен. Бортындағы 298 адам түгел қаза болған ұшақты жерден зымыранмен атып түсірген деген болжам бар.

Бұған дейін Еуроодақ арасында Ресей президенті Владимир Путиннің төрт іскер серігі бар, ресейлік сегіз азамат пен үш компанияға қатысты қосымша санкциялар салғаны хабарланған еді. Олардың тізімі бүгін, 30 шілде күні жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG