Accessibility links

«Аңыз адам» журналының үшінші соты


Алматы қалалық әкімшілік соты «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының ісі бойынша шешім шығарды. Судья Дастан Алыбаев басылымның бас редакторы Жарылқап Қалыбайға 15 айлық есептік көрсеткіш, журнал құрылтайшысы «Отбасы» жауапкершілігі серіктестігіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып, журналдың сәуір айындағы Гитлер жайлы мақалалар жарияланған тиражын тәркілеу жөніндегі шешімді оқып берді. Мамыр айынан бері осымен үшінші рет әкімшілік жазаға тартылған Жарылқап Қалыбай сот шешімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Алматы, 30 шілде 2014 жыл. (Видео авторы - Асылхан Мамашұлы).

XS
SM
MD
LG