Accessibility links

Ресей Украинадан соя тасымалдауға тыйым салды


Донецк облысындағы Украина-Ресей шекарасы. (Көрнекі сурет)
Донецк облысындағы Украина-Ресей шекарасы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі 1 тамыздан бастап Украинаның соясы мен соя өнімдерін және күнбағысын импорттауды шектейтінін хабарлады. Осы қызметке сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, шектеуге "санитарлық нормалардың бұзылуы" себеп болған.

31 шілде күні тұтынушылар құқықтарын қорғайтын "Роспотребнадзор" мекемесі "тиісті мемлекеттік лицензиясы жоқ" деп, Украинадан көкөніс тасымалдауға тыйым салған.

Ресей бұған дейін Украинадан сүт өнімдері, консервіленген көкөністер мен балық тасымалдауға шектеу қойған еді. Бірер күн бұрын Ресейге Польша мен Молдовадан да көкөніс әкелуге тыйым салынды.

29 шілде күні Еуропа Одағы мен АҚШ Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейге қарсы экономиканың бірнеше салалары бойынша жаңа санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG