Accessibility links

Сенаторлар сайлауы қазан айында өтеді


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент сенатының 16 депутатының сайлауын 1 қазан күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы жергілікті ресми басылымдар 31 шілде күні хабарлады.

Жарлықта "2008 жылы қазан айында сайланған кейбір сенат депутаттарының өкілеттігі аяқталғаны" айтылған.

Президент жарлығымен "үкіметке, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдеріне сенат депуттаттарын сайлауды ұйымдастыру, бұл шараны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету тапсырылған".

"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" заңына сәйкес, депутаттыққа кандидат ұсыну сайлау мерзімі белгіленген күннің ертеңінде басталып, сайлауға бір ай қалғанда аяқталады.

Сенатта барлығы 47 депутат болады. Олардың 15-ін президент, 32-сін (әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларынан екі кандидаттан) мәслихаттар сайлайды. Сенат депутаттары алты жыл мерзімге сайланады. Әр үш жылда 16 сенатор қайта сайланып отырады. Соңғы рет сенат сайлауы 2011 жылы өтті.

XS
SM
MD
LG