Accessibility links

Қытайда зілзаладан жүздеген адам қаза болды


Қытайдағы жер сілкінісі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

ВИДЕО: Қытайдың Юньнань провинциясында зілзаладан 350-ден аса адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен. 3 тамыз 2014 жыл.

Қытайдың оңтүстік-батысында 3 тамыз күні болған күшті жер сілкінісі салдарынан 350-ден астам адам қаза тапты. Жүздеген адам зардап шеккен.

АҚШ геологиялық қызметінің деректері бойынша, 6,1 магнитудалы зілзаланың эпицентрі Юньнань провинциясының Чжаотун қаласынан 23 километр қашықтықта, 10 километр тереңдікте болған. Зілзала дүмпуі көршілес Гуйчжоу және Сычуань провинцияларында да сезілген.

Жергілікті ақпарат құралдары 12 мыңға жуық ғимарат қирап, 30 мыңға тарта ғимаратқа нұқсан келгенін және электр желілері үзілгенін хабарлап жатыр. Аймақпен байланыс та үзілген. Табиғат апаты болған аймаққа екі жарым мың әскер мен полиция, құтқарушылар жөнелтілген.

Қытайдың оңтүстік-батысында жер сілкінісі жиі болып тұрады. 2008 жылы Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен 70 мыңдай адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG