Accessibility links

Иракта содырлар тағы екі қаланы басып алды


Күрдтер исламшыл содырлар басып алған Зумар және Синджар қалаларынан кетіп жатыр. Ирак, 3 тамыз 2014 жыл.

Күрдтер исламшыл содырлар басып алған Зумар және Синджар қалаларынан кетіп жатыр. Ирак, 3 тамыз 2014 жыл.

"Ирак және Шам ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымы 2 тамызда басталған күрд қауіпсіздік күштерімен кескілескен шайқастан соң Ирактың солтүстігіндегі Зумар және Синджар қалаларын бақылауына алды.

Иракта осыдан екі ай бұрын басталған ауқымды қақтығыстардан Синджардың мыңдаған тұрғыны үйлерін тастап бас сауғалап кеткен. Синджарда діни секта әрі күрдтердің этникалық тобын құрайтын езидтер де тұрып келген. БҰҰ-ның Ирак бойынша елшісі Николай Младленов ресми мәлімдемесінде Синджардағы оқиғаны "гуманитарлық апат" деп атады. БҰҰ бұл қаладағы ұрыстардан 200 мың адам босып кетуге мәжбүр болған деген болжам айтады.

ИШИМ маусымның басында Ирактың солтүстік-батыс территориясын басып алып, "ислам мемлекетін" жариялаған еді.

Ирак мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 3 тамыз күні "Ислам мемлекетінің" содырлары Мосулдағы елдегі ең ірі бөгетті басып алған.

XS
SM
MD
LG