Accessibility links

"Добролет" санкциядан соң рейстерін тоқтатты


Симферополь әуежайында тұрған ресейлік "Добролет" компаниясының ұшағы. 10 маусым 2014 жыл.

Симферополь әуежайында тұрған ресейлік "Добролет" компаниясының ұшағы. 10 маусым 2014 жыл.

Ресейдің Мәскеу мен Симферополь арасында әуе рейсін ұшыратын "Добролет" компаниясы 4 тамыздан бастап Еуропа Одағы (ЕО) салған санкцияларға байланысты ұшыруларды тоқтатады.

Компанияның хабарламасында экономикалық санкцияларға байланысты еуропалық бірқатар серіктес компаниялардың әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, сақтандыру және лизинг туралы "Добролетпен" арада жасалған келісімдердің күшін жойып, аэронавигациялық мәліметтерді беруден бас тартатынын ескерткені айтылады.

30 шілде күні ЕО Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің бірнеше компаниясына экономикалық санкциялар салған болатын. Санкцияға ілінгендер арасында "Аэрофлот" компаниясының еншілес "Добролет" компаниясы да бар. Ол биыл маусым айынан коммерциялық рейстерді орындай бастаған еді.

XS
SM
MD
LG