Accessibility links

Украина Ресей өнер өкілдерінің елге кіруін шектемек


Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко.

Украина таяу уақытта Ресейдің Қырымды аннекциялау саясатын қолдаған шамамен 500-ге тарта өнер және мәдениет қайраткерлерінің елге кіруіне тыйым салмақшы. Бұл туралы Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Ол Ресей өнер өкілдерінің Украинада табыс табуына жол бермеудің "дұрыс" екенін жазады.

3 тамыз күні "Оңшыл сектор" ұйымының жақтастары "Ресейге гастрольдік сапармен жиі барады" деп, Одессада украиналық әнші Ани Лорактың концертін тоқтатуға әрекет жасаған. Милиция күш қолдануға мәжбүр болып, құқық қорғау қызметінің бір өкілі зардап шеккен.

Ресейлік бірқатар өнер қайраткерлері Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын қолдағаны үшін бұған дейін санкцияға іліккен. Ресейлік эстрада әншілері Иосиф Кобзон, Валерия және Олег Газмановқа Латвия территориясына кіруге тыйым салынған. Латвия билігі бұл өнер өкілдерін "Украинаның егемендігіне нұқсан келтіруге ықпал еткен" деп санайды.

XS
SM
MD
LG