Accessibility links

Германия Ресеймен әскери келісімнен бас тартпақ


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Рио-де-Жанейро, 13 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Рио-де-Жанейро, 13 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

"Sueddeutsche Zeitung" газетінің жазуынша, Германия вице-канцлері мен экономика министрі Зигмар Габриэль осы елдің "Rheinmetall" әскери концернінің Ресейге жобалық құны 140 миллион АҚШ долларына тең әскери жаттығу лагерін салып беру туралы келісімге берген мақұлдамасынан бас тартқан. Жоба наурыз айында Ресей Қырымды аннексиялап алған соң тоқтап қалған.

Мәскеу Берлиннің әрекетін "сындарлы шешім емес" деп атап, Германияны АҚШ-тың ықпалымен әрекет етіп отыр деп айыптады.

Германия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресейдің батысындағы Волга аймағында 30 мың сарбазға арналған әскери орталық биылғы жылдың соңында салынып бітуі тиіс болған.

Бұған дейін Еуропа Одағы Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің банк, энергетика секторлары мен қорғаныс саласына қарсы бірқатар санкциялар салған еді.

XS
SM
MD
LG