Accessibility links

Зарина Дияс - Қазақстанның бірінші ракеткасы


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жариялаған рейтингте қазақстандық теннисші Зарина Дияс 1019 ұпаймен 53-орында тұр. Бұл - Қазақстан теннисшілерінің рейтингте көрсеткен ең үздік нәтижесі. Қазір Зарина Дияс ресми түрде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанып отыр.

Ал бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болып келген Ярослава Шведова 1017 ұпаймен 54-орынға сырғыды.

20 жастағы Зарина Дияс - теннистен әлемдік рейтингте үздік алпыс адамның қатарына енген тұңғыш қазақ қызы.

Ол биыл Үлкен шлем турнирлерінің қатарына енетін Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне, Уимблдон (Ұлыбритания ашық чемпионаты) турнирінің 1/8 финалына дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG