Accessibility links

Ресей әуе күштері жаттығу өткізіп жатыр


Ресейлік Су-27 жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет)
Ресейлік Су-27 жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери шенеуніктері елдің орталық және батыс аймақтарында бүгін төрт күндік әскери жаттығу басталғанын хабарлады. 4-8 тамыз аралығындағы әскери жаттығу негізінен Украинамен шектес аймақтарда өтеді.

Ресей әскери-әуе күштерінің өкілі Игорь Климовке сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі бұл жаттығуларға 100 әскери ұшақ пен тікұшақ қатысатыны туралы хабарлады. Климов әуе күштері мен зымыран күштерінің маневрін үйлестіруге бағытталған мұндай жаттығу алғаш рет өтіп отырғанын айтады.

Жаттығуларға Ресейдің Су-27 және МиГ-31 жойғыш ұшақтары, жаңа Су-34 бомбалаушы ұшақтары мен әскери тікұшақтардың өзге де түрлері қатыстырылмақ.

XS
SM
MD
LG