Accessibility links

Ресейде қос азаматтық туралы заң күшіне енді


Ресей паспорты.

Ресей паспорты.

Бүгін Ресейде шетел азаматтығы барын жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайтын заң күшіне енді.

Жаңа заң Ресей азаматтығымен қатар шетелде тұрақты тұруға рұқсаты бар адамдарды азаматтық алған екі ай ішінде Ресей федералдық миграциялық қызметін ескертуге міндеттейді. Бұл талапты орындамағандар 200 мың рубльге дейін айыппұл төлейді немесе 400 сағатқа дейін жұмыс істеуге кесіледі.

Заңға биыл 4 маусым күні Ресей президенті Владимир Путин қол қойған. Бірақ қос азаматтығы бары туралы федералдық миграциялық қызметті ескерту тәртібі әлі белгіленбеген.

XS
SM
MD
LG