Accessibility links

Италия Ресеймен ортақ жоспарынан бас тартқан


Ресейлік су асты кемесі. (Көрнекі сурет).
Ресейлік су асты кемесі. (Көрнекі сурет).

Италия Ресеймен бірлесіп шағын S-1000 суасты кемелерін жасау жобасынан бас тартты деп хабарлады Ресей әскери-өндірістік комиссиясы төрағасы Олег Бочкарев Мәскеу түбінде ашылған қорғаныс министрлігінің көрмесінде. Оның сөзінше, "әзірге саясат бизнестен басым тұр".

Бочкаревтің айтуына қарағанда, Ресей француздық "Мистраль" тікұшақ тасығыш әскери кемесіне қатысты жағдай қай бағытқа өзгерсе де дайын. "Біз не "Мистральді" аламыз, не Франция ақшамызды айыппұлмен қоса қайтарады" деді ол. Франция алғашқы "Мистраль" тікұшақ тасығыш кемесін биыл қазан айында Ресейге жеткізуі тиіс болған.

1 тамызда Еуропа Одағының (ЕО) Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейдің банк, энергетика және қорғаныс салаларына енгізген санкциялары күшіне кірген. ЕО Ресей қару-жарағы мен әскери техникаларын, әскери және бейбіт мақсатта пайдаланылатын тауарларды импорттауға және экспорттауға эмбарго қойған.

XS
SM
MD
LG