Accessibility links

MH17 жолаушылары мүлкі Нидерландыға жөнелтілді


MH17 рейсі жолаушылары мәйітін ұшаққа тиеп жатыр. Харьков, 4 тамыз 2014 жыл.

MH17 рейсі жолаушылары мәйітін ұшаққа тиеп жатыр. Харьков, 4 тамыз 2014 жыл.

Украинаның Донецк облысында құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағында болған жолаушылардың заттарын тиеген ұшақ Харьков қаласынан Нидерландыға ұшып шықты. Бұл деректі айтқан апатты тексеру комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақта апат орнынан табылған мәйіттер мен ДНК материалдары да бар. Таяу уақытта Нидерландыға осындай тағы бірнеше ұшақ жөнелмек.

Іздеу жұмыстарын атқарып жатқан халықаралық топ басшысының сөзінше, полиция мен сарапшылар соңғы күндері аумағы алты шаршы километр жерді сүзіп шыққан.

Шілденің 17-сі күні Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып бара жатқан MH17 рейсіндегі Boeing 777 жолаушылар лайнері Украинаның Донецк облысы аумағында құлаған еді. Апаттан ұшақ бортындағы 298 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG