Accessibility links

"Лукойл" Орталық Еуропаның үш елінен кетпек


Ресейлік "Лукойл" компаниясының белгісі.

Ресейлік "Лукойл" компаниясының белгісі.

Ресейдің үлкендігі жағынан екінші ірі мұнай компаниясы - "Лукойл" Чехия, Венгрия және Словакиядағы өзінің газ құю станцияларын "оңтайландыру" жоспары аясында сататынын мәлімдеді. Бұдан бірнеше күн бұрын компания басшысы Вагит Аликперов "Лукойл" Батыс елдері салған санкцияларға байланысты инвестициялық бағдарламасын қысқартуға мәжбүр болып отырғанын айтқан.

Еуропа Одағы мен АҚШ осы уақытқа дейін нақты "Лукойлға" қарсы шараларды қабылдаудан тартынып келген. Бірақ Вашингтон мен Брюссельдің соңғы санкциялар пакеті Ресейдің мемлекеттік банктерін Батыстың қаржы нарығынан ығыстырып отыр. Бұл ресейлік компаниялардың Ресей мен шетелде қаржы операцияларын жүргізуіне шектеу қоюға әкеп соқтырған.

Бұдан бұрын "Лукойл" Украинадан кететінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG